Қашағанда жұмыс қайта жанданды
-->
Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлайды. Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі, - деп жазылған компанияның Facebook-тегі парақшасында.