Маймыл шешегі жабайы маймылдар жоқ елдерде ғана анықталғаны рас па
Stopfake.kz мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сәйкес, маймыл шешегі 88 мемлекетте, соның ішінде жабайы маймылдар бар елдерде тіркелген. Приматтар Аргентинада, Мексикада, Мороккода және басқа елдерде тіршілік етеді.
Сонымен қатар маймыл шешегін тек маймылдар ғана таратады деген пікір қате. Ол көбінесе барлық континенттерде кездесетін кеміргіштер таратады.
Ауру алғаш рет приматтардан табылғандықтан «маймыл шешегі» деп аталып кеткен.
Осылайша, біріншіден, елдерде маймылдар популяциясы болмаса, ал маймыл шешегі тіркелсе, ауру жасанды түрде таратылуда деп айтқан дұрыс емес. Екіншіден, маймыл шешегі көптеген елдерде, соның ішінде приматтар табылған мемлекеттерде де анықталды.
-->Stopfake.kz мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сәйкес, маймыл шешегі 88 мемлекетте, соның ішінде жабайы маймылдар бар елдерде тіркелген. Приматтар Аргентинада, Мексикада, Мороккода және басқа елдерде тіршілік етеді.