Нұр-Сұлтан мен Камрань арасында әуе рейсі қайта жанданады
Вьетнамдық «Vietjet Air» ірі авиакомпаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Vietjet Air» – Вьетнамның төмен бюджетті авиатасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2007 жылы бастады. 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Авиакомпания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар.
-->Вьетнамдық «Vietjet Air» ірі авиакомпаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.