Әртүрлі

Нәлібаев ауыл әкімдері мен полиция инспекторларын ауылда тұруын міндеттеді

 Бұл бастама түрлі әлеуметтік желілерде  кеңінен тарап, қоғамда ашық талқыға түсті.

Нұрлыбек Нәлібаевтың бұл сөзін желі қолданушыларының басым бөлігі қолдаған. Себебі жұмысында сылбырлық танытқан кейбір полиция инспекторлары мен ауыл әкімдері үшін бұл талап орынды дейді. Кейбірі “жұмыс енді жүреді, ұйықтап отырғандар оянатын болады” деген пікірлер жазған. https://vm.tiktok.com/ZMNguYsBK/?k=1

-->

 Бұл бастама түрлі әлеуметтік желілерде  кеңінен тарап, қоғамда ашық талқыға түсті.

7 ауданда, қалада да ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторлардың көбісі ауылдық округтерден қатынап, жұмыс жасайды. Оны ауылдың адамдары кейде таппайды деген сөз.  Ауылда түрлі жағдай орын алады, мал ұрлығы болған сәтте полиция инспекторларын таппай қалады.  Кетіп қалғаннан кейін телефонын да алмайды. Сондықтан ауыл әкімі, полиция инспекторы, мектеп директоры сол ауылда тұруы керек. Басқа ауылдан көшіп барса да тұрсын,- деді.

Нұрлыбек Нәлібаевтың бұл сөзін желі қолданушыларының басым бөлігі қолдаған. Себебі жұмысында сылбырлық танытқан кейбір полиция инспекторлары мен ауыл әкімдері үшін бұл талап орынды дейді. Кейбірі “жұмыс енді жүреді, ұйықтап отырғандар оянатын болады” деген пікірлер жазған. https://vm.tiktok.com/ZMNguYsBK/?k=1

«Өте дұрыс», «Негізі ауыл әкімі, мектеп директоры сол ауылдың тумасы немесе тұрғыны болу керек. Сол ауылдың жанашыры болуы тиіс», «Өте орынды, дұрыс», «Әкім осындай болуы керек. Қатал болса, тәртіп болады. Ауылда әкім таппайсың. Итпен іздеп әрең табасың», - деп жазды желі қолданушылары.