Елордалық тұрғын құдасынан берген қалыңмалын талап етіп, сотқа жүгінген
Ведомствоның мәліметінше, талапкерлер Ж мен А сотқа салт-дәстүр негізінде қалыңдық жаққа берілген қалың мал мен мүлікті (тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және т. б.) бұрынғы құдасы – жауапкер С-дан қайтарып алу туралы талаппен жүгінген.
Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да заттар сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған. Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
-->Ведомствоның мәліметінше, талапкерлер Ж мен А сотқа салт-дәстүр негізінде қалыңдық жаққа берілген қалың мал мен мүлікті (тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және т. б.) бұрынғы құдасы – жауапкер С-дан қайтарып алу туралы талаппен жүгінген.
Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған. Алайда, 2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды, - деп жазды елордалық сот.
Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да заттар сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған. Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ, - деп жазды ведомстводан.