Әртүрлі

Елімізде жалған нөмірлер бұғатталады

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бағдат Мусин ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылағанын мәлімдеді.

Сонымен қоса, ведомство интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынады.

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салды.

-->

Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады.  Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді, - деді Бағдат Мусин.

Сонымен қоса, ведомство интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынады.

Өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта, оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады, - деді министр.

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салды.

Біз ұсынған бастамалар проблеманы түбегейлі жоймайтынын атап өткім келеді, бұл - мәселені шешудің бір ғана бөлігі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан басқа, арнайы жобалар арқылы халықтың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Интернет алаяқтық мәселесін тиімді шешу бағытында көптеген идеялар мен тың ұсыныстар айтылды. Енді олардың барлығын бірлесе іске асырумыз қажет, - деді Б.Мусин.