Әлем елдері электр қуатын толығымен өшіруге дайындалып жатыр ма
Stopfake.kz мәліметінше, бұл ақпарат жалған. Израильдегі электр қуатын толығымен өшіруге дайындық туралы хабарламаға аман қалудың амалдары жазылған кітапшаның суреті тіркелген. Бұл кітапша бар, ол Israel Electric Corporation коммпаниясының тапсырысымен шығарған.
Алайда, электр қуатын толығымен өшіру және өмір үшін күресу қажет болатыны туралы онда жазылмаған. Онда қысқы кезеңге дайындық және өрттен немесе электр желілерінде болуы ықтимал ақаулардан қорғану бойынша кеңестер ұсынылған. Бұл ұсыныстарды компанияның сайтынан да көруге болады.
Әлемде электр қуаты толығымен өшіріледі деген ақпарат – конспиролдогиялық теория. Оның жақтаушылардың айтуынша, белгілі бір құпия әлемдік үкімет пен Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб барлық елдерде электр энергиясын беруді тоқтатпақ. Бұл теория негізсіз және оған сенудің қажеті жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар алдағы уақытта ел билігі әлемдік үкіметтің бұйрығымен электрмен жабдықтауды өшіретіні туралы жазған болатын. Әрине, мұның бәрі ойдан шығарылған.
-->Stopfake.kz мәліметінше, бұл ақпарат жалған. Израильдегі электр қуатын толығымен өшіруге дайындық туралы хабарламаға аман қалудың амалдары жазылған кітапшаның суреті тіркелген. Бұл кітапша бар, ол Israel Electric Corporation коммпаниясының тапсырысымен шығарған.