Әртүрлі

Қырғызстанда қазақ киносының күндері өтеді

Сонымен қатар оған Т. Океев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясы, Қырғызстанның Кинематографистер одағы мен Ш. Айтматов атындағы Кино үйі қолдау көрсетеді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бөлім басшысы Әсел Ырыстың айтуынша, киноорталық биыл қазақстандық кино күндерін 15 шет мемлекетте өткізуді ұсынып отыр.

«Мұқағали» кинокартинасында көрнекті ақынның өмірінің соңғы жылдары баяндалған. Фильм 25-ші Таллин кинофестивалінде тәуелсіз қазылар алқасының арнайы сыйлығын иеленген.

Ал, «От» фильмінің әлемдік премьерасы былтыр Пусандағы халықаралық кинофестивальде өтті. Сондай-ақ картина Германиядағы «Film Festival Cottbus» және Сингапурдағы «Singapore International Film Festival» кинофестивальдерінде ұсынылды. Туындыда басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочи, Лос-Анжелес және Сингапур кинофестивальдерінде марапатқа ие болды.

Сонымен қатар «От» кинофильмі Минскіде өткен «Лістапад» халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссерлік жұмыс» және «Үздік музыка» номинацияларында жүлде алды. Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кино күндері аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тұсаукесері өтеді.

-->

Бішкек – еліміздің кино күндері өтетін алғашқы қала. Осыған байланысты «Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылады. Әр картинаны оны түсірген команда таныстырады. Біздің негізгі мақсатымыз – іскерлік байланысты дамыту және отандық фильмдерді халықаралық деңгейге шығару. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестер мен инвесторларды тарту, – деп атап өтті Әсел Ырыс.