Әртүрлі

Қантсыз әзірлеуге болатын 5 түрлі тосап

Қантсыз жидек тосабын дайындау үшін кез келген жидек пен 1 шай қасық лимон шырыны қажет. Дайындау барысы өте оңай. Қазанға жидекті салып, кейін үстіне лимонды қосу керек. Бірнеше рет қайнату арқылы қою тосап дайын болады.  

Бал қосылған жидек дайындау үшін балдың мөлшері жидекпен бірдей болуы қажет. Тосапқа қажетті жидікті тазалаған соң, оны жақсылап езу қажет. Кейін оған бал қосып, жақсылап араластырылады.  

Эритрит пен стевия қосылған тосапты дайындау үшін  1 кз көкжидек, 2 ас қасық стевия және 3 ас қасық эритритол қажет. Жидектерді 5-7 минут немесе сәл ұзағырақ қайнатып, оған стевия мен эритритол қосу қажет. Содан кейін 10 минут қайнату қажет.

Қантсыз цитрус тосабын дайындау үшін 4 апельсин, 2 лимон, 150 г зімбір, 1 стакан су қажет. Апельсин мен лимонды тазартып, ет тартқыштан өткізіп, су құйып, баяу отта 15 минут қайнату керек.

Қантсыз құлпынай тосабына 600 г құлпынай, 1 шай қасық лимон шырыны қажет. Құлпынайды тазалап, турап, орташа отқа қою қажет. Кейін оны бөлме температурасына дейін суыту қажет. Дайындау әдісін екі рет қайталау керек.

-->