Маймыл шешегі вирусы Ухань зертханасында жасалған ба
Америкалық стенд-ап комик Джимми Дордың медициналық білімі жоқ, бұл саланың маманы да емес. Демек, оның осы тақырыптағы мәлімдемелеріне сенуге негіз жоқ. Сонымен қатар Джимми Дор вакцинацияға қарсы белсенді тұлға және әйгілі covid-диссидент. Ол көпшілік алдында COVID-19 өлімге әкелетін ауру емес және іс жүзінде одан өлмейді, ал статистиканы дүрбелең тудыру үшін көтереді деп айтқан. Бұл теорияны Health Feedback медициналық порталының фактчекерлері жоққа шығарды.
Оның маймыл шешек вирусы Ухань зертханасында жасалды деген идеясы да дұрыс емес. Ол Ухань вирусология институтының зерттеушілері бұған дейін маймыл шешегі вирусының геномын ашу мақсатында жұмыс істегені туралы таралған жаңалыққа негізделген. Шын мәнінде, бұл жерде күдікті ештеңе жоқ. Маймыл шешек вирусы 1958 жылы табылған және содан бері оны мамандар зерттеп келді. Ол тудырған ауру эндемикалық мемлекеттерде таралды, олардың басым бөлігі Африка елдері болды.
Кейде індет осы континенттен тыс жерлерде де тіркелді. Мысалы, 2003 жылы АҚШ-та ірі індет ошағы анықталды. 2018 және 2019 жылдары маймыл шешегін Ұлыбритания мен Сингапур тұрғындары жұқтырған. Яғни, маймыл шешек вирусы жаңа емес, ол бұрыннан белгілі және ықтимал қаупі бар патоген. Зерттеушілер оны зерттеумен айналысады және бұл жерде ерекше ештеңе жоқ.
Ухань вирусология институтында маймыл шешек вирусы шынымен зерттелді. Қызметкерлер оның геномын ашу бағытында жұмыс істеді және олар тізбектің үштен бірін анықтай алды. Алайда, бұл ғалымдар вирус немесе оның штамдарын жасады дегеннің белгісі емес.
Сонымен қатар тәуелсіз сарапшылар мен ғалымдар маймыл шешек вирусы қандай да бір зертханада жасалуы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел таппады. Сарапшылар патоген табиғи түрде пайда болды және көп жылдан бері бар деген ортақ пікірде.
Демек, әзілкештің маймыл шешек вирусы Ухань зертханасында жасалды деген тұжырымдары өтірік. Маймыл шешегі – бұрыннан белгілі ауру, оның қоздырғышы қолдан жасалды дегенге ешқандай дәлел жоқ.
-->