Екі айлық бала коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болғаны рас па
Stopfake.kz мәліметінше, қайтыс болған бала туралы ақпарат бізге елінің ағылшын тілді сегментінен келді. Батыс фактчекерлері оны жоққа шығарды.Желіде тараған сәби өлімі туралы есептің скриншоты вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылау жүйесінің ресми порталынан (VAERS) емес, бөгде платформада жасалған. VAERS жүйесінің өзінде 1015467 нөмірімен тіркелген өтініш баланың қайтыс болғаны туралы емес.
Екі айлық баланың өлімі туралы есеп жарияланған портал MedAlerts.org деп аталады және ол мемлекеттік емес. Ол «Вакцинация мәселелері жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы» ұйымына тиесілі. Бұл – белсенді қызмет ететін және вакциналар туралы жалған ақпарат тарататын АҚШ-тағы ең көне антиваксерлер бірлестіктерінің бірі. Яғни, олардың сайтында жарық көрген барлық ақпарат біржақты және жалған болуы мүмкін. Оған сенудің қажеті жоқ.
Қорыта айтқанда, қайтыс болған екі айлық бала туралы ақпарат – ресми құжаттармен немесе дереккөздермен расталмаған ойдан шығарылған оқиға.