Биыл мемлекет меншігіне 5 млн гектар жер қайтарылмақ
Министрліктің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2021 жылы 210 мың гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.
-->Министрліктің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүріп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн гектар алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 1 млн 517 мың гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың гектар жерге қатысты тағы 57 материал Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр, - делінген министрлік хабарламасында.