Әртүрлі

Отбасылы келіншек жас жігітке тұрмысқа шығып, қалыңмалдан кәсіп жасаған

-->

Өтірік күйеуге тиіп, артынан қалың мал әкелген соң түрлі сылтаумен «ғайып болатын» келіндер жайлы көп естідім. Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай келін-қашыратын жеңге - қуып келетін нағашы әпке үштігінен құрылған алаяқтық топ бары да жасырын емес.

Кезекті «келін» – Ақерке. Қалың малын алып Аралдан Қазалыға аттанған құдалар қыз айтқан мекен-жайды таба алмайды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді, - деп жазды журналист.