Әртүрлі

Жел, жаңбыр – жексенбіге арналған ауа райы

Бүгін фронтальды бөліктердің әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында қатты найзағайлы жаңбыр жауады,  жел күшейеді, елдің батысында, шығысында – бұршақ, оңтүстігінде - шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

-->

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ұлытаудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облыстарының шығысында өте қатты ыстық сақталады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.