23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Бүгін найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, елдің батысында – бұршақ, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең - тұман болады. Тек Қазақстанның орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
-->Бүгін найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, елдің батысында – бұршақ, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең - тұман болады. Тек Қазақстанның орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық сақталады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.