Әртүрлі

COVID-19 қарсы қауіпті вакцина жасалып жатқаны рас па

Stopfake.kz мәліметі бойынша, қазір қолданылып жатқан COVID-19 қарсы вакциналардан басқа, әлі де әзірленіп жатқан вакциналар бар. Мұндай вакциналар үміткер вакциналар деп аталады. Бүгінгі таңда жалпы саны – 220.

Аталған елдерде сынақтан өтіп жатқан препараттар тізімінде АҚШ пен Ұлыбритания бірлесіп әзірлейтін вакцина жоқ. Алайда, қазіргі уақытта Ұлыбританияда Манчестерде америкалық Gritstone Bio компаниясы шығарған GRT- R910 препараты клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтіп жатыр.
Препарат аса қауіпті деп айтуға негіз жоқ, өйткені бүгінгі күні бұл болжамды жанама түрде растайтын деректер жоқ.
Вакцина зертханалық және клиникаға дейінгі сынақтардан өтті, сондай-ақ мамандардың күмәнін  тудырмады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ пен Ұлыбритания бірлесіп әзірлейтін вакциналар туралы басқа ақпарат жоқ. Сондай-ақ мұндай вакцина болса да, ол адамдарды құтқару үшін емес, өлтіру ниетімен жасалады деп айтуға негіз жоқ. Демек, бұл жалған ақпарат.

-->