ЖОО қызметкерлеріне жеңілдетілген баспана берілетіні рас па
-->
19 шілдеде әлеуметтік желілерде mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнама толтыру туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Аталған сайттағы ақпараттан алаяқтық белгілері байқалады. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке ақпарат жинау мақсатында жасалған. Осыған байланысты, Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратпауға шақырады. Министрлік қандай да бір жаңалықты хабарлау үшін ресми ақпарат арналарын пайдаланады. Аталған оқиға бойынша деректер құқық қорғау органдарына жолданды,- делінген ведомство хабарламасында.