00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда қаржы пирамидаларының 3 мыңнан астам сайты бұғатталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда қаржы пирамидаларының 3 мыңнан астам сайты бұғатталды
ашық дереккөз

Көрсетілген мерзімде 789 іс аяқталды. Агенттік мәліметінше, мүлікті бұғаттау істерін есепке алғанда, 85 миллиард теңге өтелді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 іс қозғалса, оның 17-сі сотқа жолданған.

Қаржы пирамидаларын ерте анықтау бойынша профилактикалық шараларды күшейту жұмыстары үш мыңнан астам сайтты блоктауға мүмкіндік берді. 44 іс қозғалып, 6,5 млрд теңгенің мүлкі қамауға алынды, - делінген агенттік хабарламасында.

Бюджет қаражатын жымқыру бағытында 115 іс қозғалған. Белгіленген залал сомасы 57 млрд теңгені құрады, оның 53 млрд теңгесі бұғатталған мүлікті есепке алғанда өтелді.