Әртүрлі

Жер қойнауын пайдалану саласы цифрландырылуда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлауынша, цифрландыру жұмыстары 4 кезеңді қамтиды. Олар: қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру, жер қойнауын пайдаланушы режиміне өту шеңберінде лицензия беру және жер қойнауын пайдалану туралы шарттарға түзетулер енгізу бойынша қосымша келісімді бекіту сынды құжаттық рәсімдер қарастырылған.

Кейін осы мемлекеттік қызметтерді пилоттық жоба аясында электронды форматта жүзеге асыру жүргізіледі.

-->

Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, бұл тарапта қажетті құжаттар санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл процесс түрлі әкімшілік кедергілерге тосқауыл қойып, лицензия беру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді, - деп жазылған ИИДМ сайтында.