Жарты жылда мыңға жуық адам жол апатынан көз жұмған
-->
Жүргізушілердің салғырт қарым-қатынасы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, мыңға жуық адам қаза тапты, 8 мыңнан астам адам жарақат алды. Өткен тәуліктің өзінде еліміздің жолдарында 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тауып, 55 адам әртүрлі дене жарақатын алды6 - деді ол министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.