Әртүрлі

Маймыл шешек вирусының зертханада жасалғаны рас па

Маймыл шешек вирусы белгілі бір биозертхананың жобасы екендігі туралы мәтінде мұны растайтын зерттеуге сілтеме берілген. Алайда, жұмыстың өзін оқыған кезде, бұл вирустың қолдан жасалғаны туралы теорияны дәлелдемейтінін және мүлдем басқа тақырыпта екенін түсінеміз. Жұмыстың атауы: «Бірнеше елдегі маймыл шешек вирусының өршуі: генетикалық дивергенция және микроэволюцияның алғашқы белгілері». Бұл 2022 жылғы 15 және 17 мамырда 9 пациенттің үлгісінен алынған вирус геномының тоғыз қосымша тізбегін жариялау туралы. Еңбекте маймыл шешек вирусының шығуына қатысты бір ғана сөйлем жазылған: «Бірнеше елде аурудың таралуының себебі бірдей болуы мүмкін». Вирус жасалған биозертханалар, оның әдейі немесе кездейсоқ таратылуы туралы мәтінде ештеңе айтылмаған.
Сондай-ақ хабарламада маймыл шешек вирусының зертханада жасалғаны туралы теорияны NIH аббревиатурасымен көрсетілген Португалияның Ұлттық денсаулық сақтау институты қолдады делінген. Шын мәнінде, Португалияда мұндай институт жоқ, ал  NIH аббревиатурасы АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының белгісі. Оның қызметкерлері маймыл шешек вирусы зертханада жасалды және әдейі таратылды деген теорияны қолдаған жоқ және тиісті зерттеулер жарияламаған. Желіде таралған ақпарат жалған екені белгілі.

-->