Әртүрлі

Бүгін-ертең ауа райы қандай болады

Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігіне ықпал етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі.

-->

Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігіне ықпал етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі.

Ауа температурасы: күндіз батыста +30+40 градус, солтүстік-батыста +25+40 градус, оңтүстік-батыста +36+45 градус, оңтүстікте +33+42 градус, оңтүстік-шығыста +20+35 градус болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33 градустан +20+30 градусқа дейін, ортасында +27+38 градустан +23+33 градусқа дейін, шығысында +21+33 градустан +16+28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.