Әртүрлі

Президент: Жолдың сапасы мүлде сын көтермейді

Мемлекет басшысы жолдың сапасына айрықша назар аудару керектігін айтты.

-->

Мемлекет басшысы жолдың сапасына айрықша назар аудару керектігін айтты.

Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады, - деді Тоқаев.