Әртүрлі

«Қазаққа келін бол, Еленажан!»: Танымал спорт журналисі Рыбакинаға ұсыныс айтты

Ол Елена Рыбакинаны тарихи жеңісінен кейін қазақ жігіттерінің біріне жар болса деген тілегін жеткізіп, спортшыға «асыл тұқымды» деп баға берді.

-->

Ол Елена Рыбакинаны тарихи жеңісінен кейін қазақ жігіттерінің біріне жар болса деген тілегін жеткізіп, спортшыға «асыл тұқымды» деп баға берді.

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдегі ең мықты төрт үлкен дулыға жарысының бірі — Лондонда өткен Уимблдонда чемпион атанды!!! Бұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш жеңіс! Елена бізге Ресей атынан осындай жарысқа шығуға жарамаған соң келген. Оған 2-3 жыл болды. Енді олар да біздің Лена, Ресей Еленасы деп жабысып жатыр. Әрине, ол Ресейдің тумасы, орыс қызы. Мұндай асыл тұқымды, сұлу да тал шыбықтай иілген денелі қызды өзімізде қалдырып, болашақ чемпион балалар туғызып алудың бір-ақ жолы — Еленаны елімізге келін қылып алу! Ештеңе қылмайды, 2-3 ұрпақтан соң бәрі таза қазақ баласы боп кетеді. Қане, қазақта Елена — чемпионның жүрегін жаулап алатын батыр жігіттер бар ма?! Алға, қазақтың жігіттері!, — деп жазды журналист өзінің Facebook парақшасында.