11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
-->
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы сақталады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.