Нұр-Сұлтанда қандай жаңа нысандарды пайдалануға беру жоспарланған? Қала әкімі жауап берді
Осы орайда айта кетейік, Алтай Көлгінов келгеннен кейін ұзақ жылдар күрмеуі шешілмеген үлескерлік құрылыс нысандарының проблемасына қатысты мәселеде ілгерілеушілік орын алды. Сұхбат барысында осыған қалай қол жеткізгені туралы айтып берді.
Құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысандардың жай-күйі де алуан түрлі болды: бірінде қазаншұңқыры ғана қазылса, енді бірінде үйдің сұлбасы ғана көтерілген. Дегенмен, бұған дейін де айтқанымдай, мәселен егер «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенін соңына дейін салсақ, пайдалануға берген кезде ол шалажансар болып шығар еді. Өйткені, құрылысшы бетонның дұрыс маркасын қолданбаған, қабаттар арасы түйістірілмеген. Сол себепті ұзаққа созылған құрылыс нысандарына техникалық, тексеру, қаржылық аудит жүргізу, жобалық-сметалық құжаттамаларды тәртіпке келтіру қажет болды. Бір пәтерді екі, тіпті үш рет сату фактілері де болды. Бірақ, ұзаққа созылған құрылыстарға қатысты іс-шаралардың нақты жоспары бар. Сол нысандардың құрылысын аяқтау үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Сондай-ақ қала әкімі Мемлекет тарапынан баспана салушыларға талап күшейтілгенін жеткізді.
Енді сұрағыңыздың екінші бөлігі – жаңа үлескерлердің пайда болу қаупіне тоқталайын. Тәуекел барлық уақытта да болады. Әсіресе тұрғын үй сатып алар кезде адамдар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, құрылыс компаниясының тарихын зерделеуі, құжаттарын қарауы керек. Мемлекет тарапынан баспана салушыларға талап күшейтілген: егер салушының нысанды аяқтауға жеткілікті қаражаты болмаса, пәтер сатуды бастай алмайды, банк кепілі болуы тиіс және сол компанияның жағдайына да қарау қажет. Әкімдіктің ресми аккаунттарында және БАҚ бетінде жосықсыз құрысшылардың тізімін үнемі жариялап отырамыз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
-->Ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұр. 2019 жылдың басында қалада 16 мыңнан астам үлескер отбасы бар еді. Бұл – 150-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені. Дәл қазіргі уақытта 13 мың үлескер отбасының проблемасы шешілді. Ал бұл дегеніңіз 90 көппәтерлі тұрғын үй кешені деген сөз. Енді қалған 3 мың үлескердің проблемасын шешу міндеті тұр. Олардың бір бөлігін осы жылы шешеміз. Екінші бөлігін келесі жылы шешуді жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.