ТЖД қызметкері елордадағы стадионды апатты деп тану үшін пара алды деген күдікке ілінді
Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.
-->Антикоррупциялық қызметі Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады, - делінген Агенттік таратқан ақпаратта.
Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.