Мемлекеттік елтаңбалар қоқыстан табылды
Әлеуметтік желілерде мемлекеттік елтаңбалардың полигон, саяжайлар мен ҚЭС санитарлық аймағының шекарасында орналасқаны туралы ақпарат пайда болды.
Дұрыс жойылмаған мемлекеттік рәміздерді экологтар тауып алды.
Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері құрған жұмыс тобы алюминий зауытынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан қоқыс тастайтын жерге арнайы барды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала шетіндегі құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстан Республикасының екі елтаңбасы табылған.
Тергеу шаралары жүргізілуде.
-->Әлеуметтік желілерде мемлекеттік елтаңбалардың полигон, саяжайлар мен ҚЭС санитарлық аймағының шекарасында орналасқаны туралы ақпарат пайда болды.
Дұрыс жойылмаған мемлекеттік рәміздерді экологтар тауып алды.
Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері құрған жұмыс тобы алюминий зауытынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан қоқыс тастайтын жерге арнайы барды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала шетіндегі құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстан Республикасының екі елтаңбасы табылған.
Тергеу-жедел тобы оқиға орнына барды. Қылмыстық кодекстің 372-бабы – мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді облыстың ПД өкілдері.
Тергеу шаралары жүргізілуде.