Елдегі вагондардың 800-і ескі
Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының паркінде 2 мың 215 вагон бар. Оның шамамен 1 мыңнан астамы ескі үлгіде екен. Бір айта кетерлігі, вагон іші әр 3 сағат сайын тазартылып тұрады.
-->Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының паркінде 2 мың 215 вагон бар. Оның шамамен 1 мыңнан астамы ескі үлгіде екен. Бір айта кетерлігі, вагон іші әр 3 сағат сайын тазартылып тұрады.
Сұранысы жоғары Алакөл бағытына 11 пойыз қатынап жатыр. Оның бесеуі Алматыдан, қалғандары Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысынан. Өткен жылдардағы сын-ескертпелерді қаперге ала отыра, биыл барлығын желдеткішпен қамтып, купе вагондарын көбейттік, Тальго пойыздарын қостық, - деді «Жолаушылар тасымал» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.