Жыл соңына қарай «Астана-Алматы» жолының құрылысы аяқталады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі ең ірі жол жобалардың бірі – «Астана-Алматы» жолының құрылысын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жалпы ұзындығы 885 шақырым болатын «Орталық-Оңтүстік» дәлізінің қайта жаңару жобасы бойынша «Қарағанды-Балқаш» (363 шақырым), «Балқаш-Бұрылбайтал» (288 шақырым), «Бұрылбайтал-Құрты» (228 шақырым), «Шамалған стансасының айналма жолы» учаскелерінде жол құрылысы жұмыстары жалғасуда.
Аталған учаскелерде 2019 жылдан бастап І-б техникалық санатына көшіру бойынша төрт жолақты қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда 833 шақырымға жаңа асфальт жабыны төселді.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласынан Қарағандыға дейінгі 182 шақырым аралықта І-б техникалық санат бойынша төрт жолақты қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілген.
«Орталық-Оңтүстік» жол дәлізінің құрылысы барысында 42 демалыс орны мен 23 сервистік стансаларды соғу жоспарланған. Жобаның сапалы орындалуы үшін арнайы техникалық қадағалау қызметінің және жауапты мемлекеттік органдардың бақылауымен мердігер мекемелер тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
«Қарағанды-Балқаш» жолының қайта жаңару учаскесінде ұзындығы 363 шақырым болатын 8 учаскені жаңарту қарастырылған. Қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды: 31,2 млн м2 жер өңделіп, 359 шақырымда әртүрлі негіздің қабаты мен жабыны төселді. Учаскенің барлық аралығында жол қозғалысы ашылып, ал жоба құрылысына біраз техника және жұмысшылар жұмылдырылды.
Ал «Балқаш-Бұрылбайтал» қайта жаңару учаскесінде ұзындығы 127 шақырым болатын 3 учаскенің жұмысы аяқталып, қолданысқа берілді. Жоспарланған 288 шақырымның 228 шақырымында жол қозғалысы ашылып, жабындарды төсеу бойынша жұмыстар қарқынды түрде атқарылуда.
«Құрты-Бұрылбайтал» учаскесінің қайта жаңару жұмыстарының ұзындығы 242 шақырымды құрайды және оларды І-б техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Қазіргі таңда ұзындығы 81 шақырым болатын бір учаскенің жұмыстары толықтай аяқталды. Жоба басталғалы бері айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Атап өтсек, 9 млн м3 жер төсеніші өңделіп, 203,1 шақырымға негіздің үстіңгі қабаты, 200 шақырымға астыңғы қабат және 119 шақырым аралықта үстіңгі қабаты төселді.
«Шамалған стансасының айналма жолы» қайта жаңару учаскесінің ұзындығы 6 шақырым, І-б техникалық санатқа жатады. Қазіргі таңда түрлі учаскелерде 3 қабатты асфальтбетон жабынын төсеу (жалпы ұзындығы 4,3 шақырымда үстіңгі қабат жабыны, 4,6 шақырымда төменгі қабат және 5,4 шақырымда негіздің үстіңгі қабатында жабын төселді) бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, темір жол өткелі арқылы өтетін негізгі эстакаданы орналастыру және деформациялық жіктерді орнату бойынша шаралар атқарылуда.
Қосымша суқашыртқыларды бетондау, жарықтандыру бағаналарын жөндеу, кедергілер мен жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жер төсемінің құрылысы мен жасанды құрылымдардың, өтпежолдар мен суөткізгіш құбырлардың құрылысы 100% аяқталды. Аталмыш шараға 42 бірлік техника мен 153 қызметкер жұмылдырылды.
«Орталық-Оңтүстік» жолының учаскесінде заманауи санитарлық-гигиеналық кешендер, сауда орындары мен электр көліктерге арналған қуаттағыш стансалар, қарға қарсы қоршаулар, жарқылға қарсы экрандар мен жол-көлік оқиғасын алдын алу және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында торлы қоршаулар орнатылды.
«Астана-Алматы» автожолының құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылдың соңына жоспарланған. Бұл өз кезегінде бүкіл жол бойының жаңа жабынымен қозғалысты қамтамасыз ететін болады.
-->Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жалпы ұзындығы 885 шақырым болатын «Орталық-Оңтүстік» дәлізінің қайта жаңару жобасы бойынша «Қарағанды-Балқаш» (363 шақырым), «Балқаш-Бұрылбайтал» (288 шақырым), «Бұрылбайтал-Құрты» (228 шақырым), «Шамалған стансасының айналма жолы» учаскелерінде жол құрылысы жұмыстары жалғасуда.