Әртүрлі

Қазақстанда жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау артады

Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.

2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% – 47,1 млн басқа дейін өсті.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады.

Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

-->