Әртүрлі

Қазпошта өзін бопсалағандарды жауапқа тартудың жолын қарастырып жатыр

-->

Хакерлік форумда «Қазпошта» АҚ деректер қорының бэкап серверіне кіру туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға компанияны бопсалау мақсатында бірнеше мың долларға ақпаратты сатып алуды ұсынып, бірнеше мәрте жүгінген болатын. Қазпошта серверлерінен ешқандай ақпарат сыртқа шықпаған. «Қазпошта» АҚ осы хабарландыру жарияланғанға дейін бопсалау туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берді. Бұл мәселені «Қазпошта» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жеке тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін пысықтап жатыр, - делінген хабарламада.