Әртүрлі

Ресейлік зейнеткер Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Polisia.kz. мәліметінше, 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрған. Жыл басынан бері ШҚО аумағынан қос азаматтығы бар 35-тен аса адам анықталған. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауға шақырды.

-->

«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.