Бүгіннен бастап Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстері басталды
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы-Подгорица бағытындағы рейстер аптасына төрт рет жиілікпен - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері және 2022 жылғы 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Подгорица бағыты бойынша бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рейс жиілікпен орындалатын болады.
Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан рейстері сағат 08.50-де ұшып, Подгорицаға 10.55-те қонады. Кері бағытта сағат 12.00-де Подгорицадан шығып, Нұр-Сұлтанға 21.20-да келеді. Алматыдан рейстер сағат 07.30-да ұшып, Подгорицаға сағат 10.25-те қонады және Подгорицадан сағат 11.30-да ұшып, Алматыға 21.25-те келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.
Екі жаққа билеттердің құны да экономкластағы алымдарды есепке алғанда 252 255 теңгеден және бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Брондау агрегаторларда және әуекомпания сайтында қолжетімді.
Черногорияға кіру үшін жолаушыларға теріс нәтижесі бар ПТР-тесті туралы анықтама және вакцина паспортын ұсыну қажет емес. Қазақстан азаматтары визасыз Черногорияда 30 күнге дейін бола алады.
-->ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы-Подгорица бағытындағы рейстер аптасына төрт рет жиілікпен - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері және 2022 жылғы 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Подгорица бағыты бойынша бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рейс жиілікпен орындалатын болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А321LR типті әуекемелерінде орындалады, - делінген хабарламада.