Алакөлдегі әуежайларда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 75 пайызға орындалған. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың III тоқсанының басына жоспарланып отыр.
-->Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 75 пайызға орындалған. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың III тоқсанының басына жоспарланып отыр.
Бүгінде бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру және электрмен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, РД-5 және РД-6 (РД - рульдеу жолы) негіздері және периметрлік қоршау бағаналары орнатылып жатыр. Осы жылдың 15 мамырынан бастап бетоннан ұшу-қону жолағы жабынының жоғарғы қабатын орнату жұмыстары басталды, – делінген хабарламада.