Елордадан 9 миллион теңгені Ташкентке алып өтпек болған азамат ұсталды
24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» бақылау-өткізу бекетінің қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, кедендік бақылаудан өткеннен кейін Нұр-Сұлтан-Ташкент рейсінің жолаушысын ұстады.
Рентген суретінде азамат Д.-ның валютасын тасымалдауға арналған багажды қарап шыққаннан кейін жолаушыны тексерген.
Осы сәтте жолаушының сөмкесінен 9 миллион теңге, яғни 21 650 доллар бар екені анықталған. Бүгінде осы факті бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» № 830 Жарлығымен мыналарды елден әкетуге тыйым салынғанын еске салды:
10 000 доллар баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банктің бағамы бойынша есептелген қолма-қол шетел валютасы немесе шетел валютасындағы ақша құралдары;
5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтынның құймалары және Ұлттық Банк шығарған алтыннан жасалған «АЛТЫН БАРЫС» және күмістен жасалған «КІМІС БАРЫС» инвестициялық монеталары, сондай-ақ 100 граммнан жоғары тазартылған алтын.
Гүлерке Аймуханбетова,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті
-->