Әртүрлі

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.

-->

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиация саласында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.