NIS баспасөз қызметі халықаралық байқауда жеңіске жетті
«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» — «Мы – внуки героев, прошедших сквозь пламя войны» жобасы мен Жеңіс марафонының медиа әрі PR қолдауы «Мемлекеттік саладағы үздік PR-жоба» номинациясында бірінші орынға ие болды.
2020 жылдың сәуірінде NIS оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналарының Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына дайындығы кезінде елде толық оқшаулау режимі енгізіліп, мерейтойлық марафон онлайн форматқа көшті. Зияткерлік мектептердің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» — «Мы внуки героев, прошедших сквозь пламя войны» ұраны басты тақырыпқа айналды. NIS-тің танымал әрі шынайы сезімдерге толы жобасына еліміздің барлық өңірлерінен әртүрлі жас, сала және ұлт өкілінен мыңдаған қазақстандық қосылды.
Бұқаралық коммуникация саласындағы танымал сарапшылар мен практиктер NIS-тің жаңа буын арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ ел тарихы мен өз отбасына деген құрмет пен сыйластықты арттыруға бағытталған бірегей білім беру жүйесі мен отандық зияткерлік бренд ретіндегі табысты ұстанымына оң баға берді.
Қазылар алқасы NIS-тің корпоративтік стандарттары мен дәстүрлерінің ілгерілеуін, қазақстандық «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» жобасының бірегей контенті мен ауқымдылығын, сондай-ақ шығармашылық ұжымның креативтілігі мен жүйелік алгоритмдерін (Мира Алипинова, Елена Рыбина, Махаббат Құдашева) ерекше атап өтті.
Бұл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің беделді байқаудағы екінші жеңісі. 2018 жылы «Аймақты ілгерілету» номинациясы бойынша «NIS: қазақстандық білім берудің бренд-амбассадоры» жобасы бірінші орынға ие болды.
Белгілі «Жылдың үздік баспасөз қызметі» журналы ұйымдастырған Media және Public Relations саласындағы мамандарға арналған халықаралық байқауға ТМД елдерінен 550-ден астам жоба ұсынылды.
-->«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» — «Мы – внуки героев, прошедших сквозь пламя войны» жобасы мен Жеңіс марафонының медиа әрі PR қолдауы «Мемлекеттік саладағы үздік PR-жоба» номинациясында бірінші орынға ие болды.