Әртүрлі

Amanat партиясы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесін іске қосты

«Ауыл аманаты» – биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы бағдарламасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Партия хатшысы Э.Жұмағазиевтің айтуынша, жобада көзделген мақсаттарға жеткізу үшін партия жанынан арнайы жобалық кеңсе іске қосылып, нақты алгоритм әзірленеді.

Спикер «Ауыл аманаты» жобасы аясында Үкімет пен әкімдіктер ірі сауда және өндірістік компаниялардың, өнімді импортқа шығаратын елдердің өндірілетін тауарларға деген талаптарын зерделеп алу керек деп санайды. Бұл жобаға қатысып, мемлекеттік қолдау алушыларға өнім өндіру барысында басымдық беретін салаларды анықтауға көмектеседі.

Сонымен бірге, халықтың табысын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – тұрғындарға өнім өндірудің технологиялық циклдерін үйрету.

-->

Жаңа әдістеме әрбір елді мекеннің географиялық ерекшелігі, жер, су, еңбек, қаржылық, өзге де ресурстар бойынша сандық көрсеткішерін жинауға бағытталады. Осылайша, әрбір ауылдың экономикалық мамандану бағытын анықтауға, атап айтқанда қай өңірде қандай ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге немесе өндірістің түрлерін ашуға болатынын көрсетеді. Ауылдық жерлерді аралау жалпы 7,7 миллион тұрғынды қамтитын 2 400 ауылдық округте жүргізіледі, - деді партия хатшысы. 

Спикер «Ауыл аманаты» жобасы аясында Үкімет пен әкімдіктер ірі сауда және өндірістік компаниялардың, өнімді импортқа шығаратын елдердің өндірілетін тауарларға деген талаптарын зерделеп алу керек деп санайды. Бұл жобаға қатысып, мемлекеттік қолдау алушыларға өнім өндіру барысында басымдық беретін салаларды анықтауға көмектеседі.

Сонымен бірге, халықтың табысын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – тұрғындарға өнім өндірудің технологиялық циклдерін үйрету.

Жоба шеңберінде ТжКБ базасында тұтынушылардың талаптарына жауап беретін өнім өндірудің технологиялық картасын оқытатын құзыреттілік орталықтарының тұтас желісін ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, өндірілетін өнімді өткізу процесін жеңілдете алады, - деді партия жанындағы жобалық кеңсенің басшысы Нұрлыбек Мұқанов.