Алматы облысында қоқыстан 4 жасар қыздың денесі табылды
Полицейлер анықтағандай, баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туабітті ақыл-ой кемістігі болған.
Биыл ақпанда бала ауырып, кейін қайтыс болған. Ал сәбидің анасы ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.
-->

Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді, - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.