Референдум барысын байқау бойынша оқыту іс-шаралары басталды
Кездесу барысында қатысушылар байқаушылардың функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» заңының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының негізгі ережелерін талқылады.
Т.Күнәділов атап өткендей, сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын байқау дауыс берудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Отырысқа қатысушылар сайлау органдарының құзыреті, дауыс беру күні сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттары сынды мәселелерді қарады.
Сонымен қатар, дауыс беруді ұйымдастыру аспектілеріне және дауыс беру тәртібіне, соның ішінде сайлау учаскесінде дауыстарды санауға ерекше назар аударылады.
Отырыс барысында облыстық штабтың байқаушылар үшін сайлау заңнамасының нормалары мен «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізуге дайындығы да атап өтілді.
Бүгінгі таңда республикалық штаб байқаушының жұмыс дәптерін, жадынамаларды, заңнамалық актілерден үзінділерді, сайлау барысын байқау ережелерін және басқа да әдістемелік материалдарды дайындады.
Кездесу соңында Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов алдағы референдум аясында байқауды ұйымдастыруға дайындыққа қатысты өңірлік штаб басшыларының бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Еске салайық, 5 мамырда Партиялық емес байқау орталығы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға байқаушылар ретінде қатысу ниетін білдірді.
-->Кездесу барысында қатысушылар байқаушылардың функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» заңының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының негізгі ережелерін талқылады.