Әртүрлі

Жалған автобөлшек сатумен айналысқан топ ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Тергеу барысында 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.

Қазір іс сотта қаралып жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

-->

Жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден аса сомаға «Тойота», «Лексус», «Хюндай», «Хонда» тауар белгісі бар контрафактілік авто бөлшектер қоймасы жойылды. Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты соталды тергеу амалдарын аяқтады, – делінген хабарламада.