Әртүрлі

Қазақстанда киіктерге қандай қауіп төніп тұр

Соңғы 9 жыл ішінде киіктердің жалпы саны 6 еседен астам, ал Бетпақдаладағы түрі жануарлар өлімінен кейін 7,8 есе өсті. Кейінгі екі жылда киік саны – Орал мен Бетпақдаладағы түрлері 2,5 есе, Үстірттегі түрі 2 есе өсті.

Киіктер санының өсуіне қарамастан, елде оларға төніп тұрған қауіп-қатер жоғары.  

Біріншіден, бұл аң аңлау: киікті базарда сату үшін және етін тұтыну үшін.

Соңғы үш жылда Қазақстанда браконьерлерді ұстау 22,2% қысқарды. Есесіне атып алынған киік саны ұлғайып келеді.

  • 2016-2018 жылдары – 3,7 мың;
  • 2019-2021 жылдары – 12,5 мың дана;

Туша саны 945-тен 1 498-ге дейін ұлғайды.

Екінші қауіп – қор үшін бәсеке. Жайылымдар мен суаттар үшін егістікті таптау жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы соңғы 15 жылда үш есе, ал киіктердің саны 30 есе, 15 мыңнан 545 мыңға дейін өсті.

Бақылау барысында Оралдағы түрінің саны 295 мыңнан аспағаны белгілі болды. Жыл сайын олардың саны 40% артып отырады. 2022 жылы көрсеткіш шамамен 700 мыңды құрайды деп болжанып отыр.

Үшінші қауіп – жануарлардың індетке шалдығуы. Жабайы жануарлар санының бір жерде көп шоғырлануы эпизоотияны, киіктер мен үй жануарлары арасында індеттің тез таралуына әсер етеді. Ауру жануарлардың көп бөлігін жойып жіберуі мүмкін. 1980 жылдан бері араға 3,6 жыл салып 11 рет киіктер аурудан жаппай қырылған. Орташа есеппен жалпы санының 18 пайызына дейін қырылған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы популяцияның өсу көрсеткіші 1 млн бастан асып түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде киіктердің өзіне де, ауыл шаруашылығына да қауіп төндіруі мүмкін.

-->