Әртүрлі

БҚО-да 31 млн жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Тергеу барысында ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

-->

Күшаева Ақкенже ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.