Әртүрлі

Қазақстанда геология және жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық жүйе құрылады

Премьер-министрдің айтуынша, ел аумағын кеңінен зерттеу мен әкімшілік кедергілерді жою өндіріс саласын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артады. Жалпы елімізде ғылыми-институционалдық база бар. Геология саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Үкімет басшысы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы инвесторларға геологиялық мәліметтерді қолжетімді ету үшін ақпараттық жүйе құру қажеттігін атап өтті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін «KAZNEDRA» платформасын әзірлеу және қолданысқа енгізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ Премьер-министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, екі апта ішінде әкімшілік кедергілерді азайту бойынша нақты шаралар әзірлеуді, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті цифрландыруды тапсырды.

-->

Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарды ұзартуға көп уақыт кетеді, ол рәсімді жеңілдету қажет, — деді Ә. Смайылов. 