Әртүрлі

Халықпен кездесуге келген Досаев баланың тұсауын кесті

Қала әкімі  аудан тұрғынының өтінішіне оң жауап беріп, балақайдың тұсауын кесті. Содан соң ақсақал бата беріп, балаға еліміздің лайықты азаматы болуды тіледі.

-->

Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаевпен ұлттық дәстүр - тұсаукесерді өткізді. Аудан тұрғындарының бірі Серік Қармысбаев  кездесу кезінде  шөбересінің тұсауын кесіп беруді өтінді, – деп жазды қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасы.

Қала әкімі  аудан тұрғынының өтінішіне оң жауап беріп, балақайдың тұсауын кесті. Содан соң ақсақал бата беріп, балаға еліміздің лайықты азаматы болуды тіледі.