Әртүрлі

Өзбекстанда 3 мыңнан астам бірегей мәдени қазына тоналған

Мәдени мұраға 30 жыл ішінде келген шығын 4 трлн сумнан (шамамен 357 млн $) асады. Мәдени мұраларды ұрлаудың ауқымы туралы мәліметті Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдегі туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты.

Ол Бас прокуратура мен Туризм және мәдени мұра министрлігі бастаған комиссияға жыл соңына дейін мұражайлардағы бүкіл жәдігерлерді түгендеп, олардың электронды базасын жасауды тапсырды.

-->

Тексеру барысында республиканың 14 музейінде 3 мыңнан астам бірегей мәдени құндылықтар тоналғаны анықталды. Атап айтқанда, Бұхара мемлекеттік мұражайында жалпы сомасы 31,5 млрд сумға бағаланатын 81 мәдени мұра заты анықталды. «Ичан-Кала» мемлекеттік музей қорында 101 музей заты түпнұсқаға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Жалпы, 30 жыл ішінде мәдени мұра объектілеріне келген шығын көлемі 4 триллион сумнан асты, - деді Шавкат Мирзиёев.

Ол Бас прокуратура мен Туризм және мәдени мұра министрлігі бастаған комиссияға жыл соңына дейін мұражайлардағы бүкіл жәдігерлерді түгендеп, олардың электронды базасын жасауды тапсырды.

Бұдан былай облыс әкімдері мұражайлардағы жағдайға дербес жауапты болады, - деді Шавкат Мирзиёев.