Әртүрлі

Алматының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында от жағуға болмайды

-->

Алматы қаласының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары аумағында және белгіленбеген жерде от жаққаны үшін Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті екенін атап өткім келеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға 10-нан 100 АЕК-ке дейін, яғни, 30 мың 630 теңгеден бастап 306 мың 300 теңге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Демалушылардың назарына айта кетейін, қазіргі уақытта Алмаарасан шатқалының аумағында, Үлкен Алматы, Казачка өзендерінің бойында ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған орындар (орындық, үстел, от жағуға арналған бетондалған алаң, мангалдар, барбекю және т.б.) бар, - деді С. Асаинов.