Қарағанды облысында қалың қар жауды (ФОТО)
Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.
Қазгидромет мәліметінше, 25 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Жергілікті тұрғын Саламат Смағұлов облыстағы Шет ауданы Босаға станциясынан сурет пен видеолар жолдады.
"ҚазАвтоЖол" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, қар таңертең басталған.
-->Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.
Қазгидромет мәліметінше, 25 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Жергілікті тұрғын Саламат Смағұлов облыстағы Шет ауданы Босаға станциясынан сурет пен видеолар жолдады.
"ҚазАвтоЖол" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, қар таңертең басталған.
25 сәуірде сағат 5.30-дан 9.00-ге дейін Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымда бұрқасын түріндегі жауын-шашын байқалды. Қазір ауа райы қалыпты. Жол қызметтері жұмыс істеп жатыр, - деді ол.