Экологиялық талаптарды бұзғандарға әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті
Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен қатар тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті. Жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дейін.
2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
-->Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен қатар тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.